DEUTZ-FAHR AGROTRON 6205 G
Жаңа 6g сериялы тракторлар арзан бағамен жоғары өнімділікті ғана емес, сонымен қатар пайдаланудың теңдесі жоқ қолайлығы мен техникалық қызмет көрсетудің қарапайымдылығын қамтамасыз ететін трактор іздейтін ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне арналған. Жаңа DEUTZ-FAHR 6g сериясы – Deutz алты цилиндрлі қозғалтқыштарының (Stage III A экологиялық нормаларына сәйкес келеді), ZF тиімді заманауи трансмиссиялары мен өз класындағы ең жақсы гидравликалық жүйелердің тамаша үйлесімі болып табылады. Бұған қоса, 6G үлгілері тамаша дизайнға ие, ал DEUTZ-FAHR бренді немістің теңдессіз сапасына кепілдік береді.
Қуаты:
203 а.к., Deutz TCD 2012 L06 2V .
Массасы:
6657-7704 кг.
Ауылшаруашылық аспа:
Өнімділігі 170 л/мин гидравликалық сорғы және жүк көтергіштігі 9700 кг дейінгі артқы көтергіш.
Трансмиссиясы:
Толық автоматты беріліс.
Аспасы:
Аспаның екі деңгейі – AntiDive және AntiRise жүйесі немесе далада немесе жолда толық аспа жүйесі
АЙРЫҚША ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
deutz компаниясының common rail жүйесі
Қозғалтқыш блогына біріктірілген екі жоғары қысымды майлау сорғылары бар сommon rail жоғары қысымды бүрку жүйесі және инновациялық жану камерасының конфигурациясы қозғалтқыш айналу жиілігінің кең ауқымында асырмалы қуат пен айналу моментін қамтамасыз етеді.
Қозғалтқышты электронды реттеу
Жүйе қозғалтқыштың жұмыс істеу параметрлерін басқарады, оларды инъекциялық басқару көмегімен оңтайландырады. Автоматтандыру және пайдаланудың максималды қарапайымдылығы: орындалған жұмыс үшін ең қолайлы қозғалтқыш режимін орнатады, есте сақтайды және шақырады.
DEUTZ-FAHR тракторларының жоғары функционалдығы, өнімділігі, тиімділігі мен сенімділігі 2 жылдық кепілдікпен расталады.

Русский