ESSIL 750
ESSIL 750 – бұл, бір жағынан, тұрақтылық пен бастыру сапасын үнемді жұмыспен үйлестіретін классикалық бір барабанды бастыру және айыру жүйесі. Екінші жағынан, бұл әлемдегі ең жақсы кесу жүйесі бар дестелегіш, үш сатылы тазарту және жинау параметрлерін автоматтандырылған басқарудың жоғары деңгейі сияқты озық техникалық шешімдер.
Қалыпты бағаны ескере отырып, бұл қасиеттердің үйлесуі, астық жинау кезінде ESSIL 750-ді «алтын орта» деп санауға толық негіз береді. Масақты дақылдардан басқа, әртүрлі дақылдарды жинауға арналған адаптерлермен ESSIL 750-ді пайдалану, оның маусымдық жүктемесін 180-ден 300 мотосағатқа дейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл жұмыс бірлігіне тікелей пайдалану шығындарын кемінде 1,4 есе азайтуды қамтамасыз етеді.
КОМБАЙН МҮМКІНДІКТЕРІ
ESSIL 750 астық жинайтын комбайнның жоғары функционалдығы, өнімділігі, тиімділігі мен сенімділігі 2 жылдық кепілдікпен расталады.

Русский