Биыл қазақстандық аграрийлер 27 млн тонна астық жинады. 2025 жылғы егіс маусымы аяқталып келе жатқанда, машина жасаушылар келесі маусымға дайындықты бастап кетті. Беларусьтен «Гомсельмаш» және «Амкодор» АҚ бас директорлары бастаған делегация жұмыс сапарымен Қазақстанға келді. Кездесуде комбайн көлік комплектілерінің жеткізілімін ұлғайту, жергілікті өндірісті тереңдету және жаңа өндірістік бағыттарды дамыту мәселелері талқыланды.
«Гомсельмаш» АҚ-пен ынтымақтастық басталғалы қазақстандық зауыт 5 000-нан астам ESSIL комбайнын шығарды. Бұл техника еліміздің барлық астық өсіретін өңірлерінде сәтті жұмыс істеуде, ал әр оныншы шаруашылық осы брендтің комбайндарын қолданады — бұл фермерлердің жоғары сенімі мен локализация моделінің тиімділігін дәлелдейді.
«Биыл біз ESSIL комбайндары үшін кабиналарды өндіруді жолға қойдық — көлік комплектілері енді онсыз жеткізіледі. Сонымен қатар локализацияланған тораптарға подмоторлық рама, бункер, сабан шаққыш, интерьер және экстерьер элементтері кіреді. Жаңалықтар қатарында — күнбағысқа арналған және аласа бойлы дақылдарға (соя, жасымық, дәнді дақылдар) арналған жатқыштар бар. Фермерлер оларды сынап, жоғары баға берді. Бұл — импорттық аналогтардың сапалы, бірақ қолжетімді баламасы», — дейді өндіріс директоры Бахтияр Балғужин.
Келіссөздердің негізгі нәтижесі — 2026 жылы 500 дана комбайн машинокомплектісін жеткізу туралы келісімшартқа қол қою. Бұл өнеркәсіптік серіктестіктің ұзақ мерзімді жоспарын нығайтады.
Сондай-ақ тараптар «Амкодор» АҚ-пен бірлесіп телескопиялық тиегіштерді өндіру мүмкіндігін қарастырды. Бұл Қазақстандағы машина жасау саласын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.с ОАО «Амкодор», открывающую новые возможности для развития машиностроения в Казахстане.

Русский