ESSIL 730
ESSIL 730 – ықшам және маневрлік техниканы қажет ететін шағын және орта кәсіпорындарға арналған «экономкласты» астық жинайтын комбайн.
Қуаттылығы 155 а.к. қозғалтқышымен заманауи техникалық деңгейдегі машина дәнді дақылдар үшін салыстырмалы түрде шағын егістік жерлері және өнімділігі 25 ц/га дейін ұсақ контурлы алқаптары бар ауылшаруашылық кәсіпорындарына арналған.
Төмендетілген салмақтың және ені 4 м болатын дестелегішті қолданудың арқасында машинаның өтімділігі, оның маневрлігі жақсартылып, топыраққа теріс әсері азайтылды, бұл әсіресе эрозиялық жағдайы күрделі аймақтарда өте маңызды.
Үлкен барабаны бар ені 1200 мм классикалық дән бастырғыш сенімді және қарапайым. Төрт клавишті сабансіліккі және үш каскадтық тазарту тұрақты айыруды және дәннің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Басқару ыңғайлылығы, оператордың жұмыс орнындағы жайлылық комбайнға жедел техникалық қызмет көрсетумен толықтырылған.
Сатып алушының қажеттілігіне байланысты комбайн әртүрлі опциялармен жабдықталуы мүмкін, соның ішінде жұмыс ені 5 м болатын дестелегіштің қолданылуы.
КОМБАЙН МҮМКІНДІКТЕРІ
ESSIL 730 астық жинайтын комбайнның жоғары функционалдығы, өнімділігі, тиімділігі мен сенімділігі 2 жылдық кепілдікпен расталады.

Русский