https://www.high-endrolex.com/7

https://www.high-endrolex.com/7

amh.kz - amh.kz
Қазақстанда Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген  лизингке беру бағдарламасы басталды

Қазақстанда Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы басталды

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

Бастапқы жарнаның жоқтығы, жылдық 6%, лизинг мерзімі 10 жыл және қысқартылған құжаттар тізімі – мұндай шарттар жеңілдетілген лизингтің арнайы бағдарламасы бойынша техника паркін жаңарту үшін отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін күтуде.

"ҚазАгроҚаржы"АҚ-ның барлық филиалдарында Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 5 тамызда басталды. 

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске асыруға 40 млрд теңге бөлінеді, оның 30 млрд теңгесін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ «Жасыл Даму» АҚ (ӨКМ операторы) қаражатынан және 10 млрд теңгені «ҚазАгроҚаржы» АҚ капитал нарығынан тартады.

 

Өтінімдерді қарауды, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беруді «ҚазАгроҚаржы» АҚ келесі шарттарда жүзеге асырады:

  1. лизинг мерзімі – 10 жылға дейін;
  2. сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 % ;
  3. лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг затының құнынан 0 %;
  4. негізгі қарызды қайтару бойынша жеңілдікті кезең – 1 жыл;
  5. қаржыландыру көлемі – бір лизинг алушыға 205 000 000 (екі жүз бес миллион) теңгеден және ауыл шаруашылығы техникасының үш бірлігінен аспайды.

 

Сондай-ақ бір лизинг алушыға қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейтіндігі маңызды шарт болып табылады.

 

«АгромашХолдинг KZ» бағдарламаны бастауға дайын. 30-дан 420 а. к. дейінгі тракторлардың барлық модельдік қатары, сондай-ақ түрлі қуаттағы комбайндар бар. Оның ішінде LOVOL, КИРОВЕЦ, DEUTZ-FAHR және ESSIL сияқты брендтер бар.

 

Естеріңізге сала кетейік, "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасын іске қосуда. Бағдарламаның қаржылық операторлары "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ және "ҚазАгроҚаржы" АҚ болады.

 

Айта кетерлік жайт, Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы бойынша қаржыландыру револьверлік сипатқа ие болады, яғни қолданыстағы лизингті өтеуден түсетін төлемдер жаңа қаржылық лизинг шарттарын жасасуға қайта бағытталады. Бағдарламаның өзі 20 жылға қарастырылған болады.

 


© 2024 АО «АгромашХолдинг KZ».
  • 5310
  • Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.