Вашингтонда Қазақстан мен John Deere арасында құны $2,5 млрд болатын стратегиялық келісімге қол қойылды

Вашингтонда Қазақстан мен John Deere арасында құны $2,5 млрд болатын стратегиялық келісімге қол қойылды

Вашингтонда Қазақстан мен John Deere арасында құны $2,5 млрд болатын стратегиялық келісімге қол қойылды 

   Қазақстан Республикасы Президентінің АҚШ-қа ресми сапары барысында ауыл шаруашыляығы машинасын жасау саласында өнеркәсіптік серіктестікті құру және дамыту жөніндегі Стратегиялық келісімге қол қойылды.

    Құжатқа Қазақстан тарапынан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «АгромашХолдинг KZ» АҚ және Eurasia Group AG, ал АҚШ тарапынан John Deere Walldorf International GmbH қол қойды.

   Келісім John Deere ауыл шаруашылығы техникасын Қазақстанда өндіру ауқымын кеңейтуді, сервистік инфрақұрылымды және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету жүйесін дамытуды, сондай-ақ цифрлық технологияларды енгізуді көздейді. Сонымен бірге саланың инженерлік және техникалық кадрларын даярлау қарастырылған. Алдағы бес жылдағы өнеркәсіптік серіктестіктің жалпы көлемі $2,5 млрд болады.

 Министр Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, жаңа келісім отандық ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласының өндірістік және технологиялық әлеуетін едәуір күшейтеді. «Қазақстан бұл жобаны іске асыруды мемлекеттік өнеркәсіптік саясат аясында толық қолдауға дайын», — деді ол.

    John Deere мен «АгромашХолдинг KZ» арасындағы өнеркәсіптік серіктестік биыл мамырда басталған. Бүгінде жалпы құны 37,6 млрд теңгені құрайтын 292 бірлік техника өндірілді. Стратегиялық келісім өндіріс көлемін арттыруға және негізгі компоненттерді кезең-кезеңімен жергілікті деңгейде өндіруге мүмкіндік береді.

«John Deere-мен серіктестікті кеңейту — Қазақстанда заманауи ауыл шаруашылығы техникасына арналған толыққанды өндірістік және сервистік экожүйе қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Бұл тек техника шығару емес, инженерлік-технологиялық кластерді қалыптастыру, салалық құзыреттерді дамыту, сервистің сапасын арттыру және техниканы пайдалану мәдениетін көтеру. Мұның барлығы фермерлік шаруашылықтардың тиімділігіне тікелей әсер етеді және аграрлық секторды дамытатын жаңа буын инженерлерін дайындауға мүмкіндік береді», — деді «АгромашХолдинг KZ» АҚ Президенті Динара Шүкіжанова.


© 2025 АО «АгромашХолдинг KZ».
  • 5310
  • Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.