«Балам, мен Америкадамын»: қазақстандық инженерлер John Deere зауытында

Екі тәуліктен астам уақыт жолда болып – Қостанайдан Чикаго арқылы, одан әрі Де-Мойн, Ватерлоо және Молин қалаларына жеткен инженерлер ауыл шаруашылығы техникасының әлемдік орталығы саналатын John Deere компаниясының штаб-пәтерінде болды. Қостанайдағы AGROMASH зауыты мен Қазақстандағы John Deere ресми дистрибьюторы Eurasia Group AG компаниясының алғашқы инженерлер тобы АҚШ-тағы өндірістік тағылымдамадан өтіп, елге оралды.

Тағылымдама барысында мамандар бірнеше негізгі өндіріс орындарын аралады – бүріккіш техникадан бастап тракторлар мен комбайндар шығаратын зауыттарға дейін.

Делегация құрамында тәжірибелі инженерлер де, жас мамандар да болды. Ұрпақтар арасындағы кәсіби диалог сапардың маңызды нәтижелерінің бірі болды. Инженер Қайрат Карбаевқа 51 жас, және бұл оның шетелге алғаш шығуы.

«Жарты ғасырдан кейін өзімді қайта студент ретінде сезіну – ерекше әсер. Көзім қайтадан жанып кетті. Америка мені қатты таңғалдырды, әсіресе ауыл шаруашылығы: өңделмеген бірде-бір жер жоқ, барлық жерде тәртіп. Ал зауыттар толық цифрландырылған әрі автоматтандырылған», – дейді ол.

Өндіріс жөніндегі директор Бахтияр Балгужин (30 жас) технологиямен қатар инженерлік мәдениетті де ерекше атап өтті:

«Патриотизм барлық жерде сезіледі. Әр зауытта өз елі мен еңбегін мақтанышпен айтады. Таңғалдырғаны – өндірісте аға буын мамандары көп, ал жастар аздау. Әсіресе дайындау учаскелері әсер қалдырды: барлық процесс толық автоматтандырылған, құралдарды беруден бастап 24 метрлік металл қоймаларына дейін. Бұл жай танысу емес, өндірісті терең түсіну болды. Мұндай тәжірибені құжаттан немесе видеодан алу мүмкін емес. Біз енді бұрынғыдай болмаймыз – жаңа тәсілдерді енгізгіміз келеді және командамен бөлісеміз».

Компания өкілдерінің айтуынша, өзгерістердің негізгі қозғаушы күші – инженерлер. Жаңа білім өндіріс процестерін жаңартады, ал мамандардың белсенділігі жалпы жүйені дамытады.

«Біз өнеркәсіпті сөзбен емес, нақты құзыреттер арқылы дамытамыз. Бүгінде кәсіпорындарымызда 530-дан астам техника өндірілді. John Deere зауыттарында оқыту – команда дамуының маңызды кезеңі. Мамандар жаңа тәжірибемен келгенде, кәсіпорын ішінен өзгереді. Ең шабыттандыратыны – көзі жанып тұрған жас инженерлер. Осындай адамдар тарих жасайды. Біздің мақсат – әлем біздің инженерлерді танысын, ал біздің инженерлер әлемді танысын. Өнеркәсіп – бұл ең алдымен адамдар, білім және іске деген құштарлық», – дейді AGROMASH зауытының президенті Динара Шукижанова.

Eurasia Group AG компаниясының бас операциялық директоры Сергей Глокке бұл тәжірибені Қазақстанның машина жасау саласына салынған стратегиялық инвестиция деп атады.

«Бүгінде сала тек жинақталған тәжірибеге сүйеніп дами алмайды – оған цифрлық технологиялар, білімнің жүйелі трансфері және жасанды интеллект негізінде шешім қабылдау қажет. Алдағы жылдары техника, деректер және агрономияның синергиясы Қазақстан агробизнесінің тиімділігінің негізгі факторы болады. Дәл осындай құралдар машина жасаудың жаңа моделін қалыптастырады: икемді, дәл және тиімді. Біз үшін тек технологияларды енгізу емес, оларды дамыту мен Қазақстан жағдайына бейімдеу маңызды. Бұл сапар біздің инженерлерге John Deere өндірісін тереңірек түсінуге және еліміздің табиғи-климаттық жағдайына барынша сәйкес келетін техниканы жасауға негіз қалады», – деді ол.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың сәуірінде Қостанайдағы локализация орталығы базасында John Deere техникасын өндіру іске қосылды – бұл машина жасау саласы үшін маңызды оқиға болды. Өткен жылдың қарашасында Қазақстан мен John Deere арасында 2,5 млрд АҚШ долларына стратегиялық келісімге қол қойылып, ұзақ мерзімді өнеркәсіптік ынтымақтастық бекітілді. Бұл жетістікке Қазақстан Үкіметінің, инвестициялық штабтың, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде қол жеткізілді.

Құжатта қарастырылған:

  • өндіріс көлемін 3 000 бірліктен астам техникаға дейін ұлғайту;
  • сервистік орталықтар мен қосалқы бөлшектер хабтарын салу;
  • технологиялық инфрақұрылымды дамыту;
  • жаңа жұмыс орындарын құру;
  • өндірістегі локализацияны тереңдету.

Келісімнің негізгі бағыты – инженер кадрларын даярлау. Серіктестермен бірлесіп қазақстандық мамандарға арналған тұрақты білім беру бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама аясында:

  • АҚШ пен Еуропадағы John Deere өндірістік желілерінде тағылымдамалар;
  • машина жасау, автоматтандыру және цифрлық жобалау бойынша заманауи технологияларды меңгеру;
  • алынған білімді Қазақстан кәсіпорындарында тәжірибеге енгізу қарастырылған.

Сонымен қатар жаңа инженерлік құзыреттерді дамытуға арналған білім беру орталығын ашу жоспарлануда: цифрлық инженер, автономды техника операторы, жасанды интеллект және деректерді өңдеу маманы, цифрлық агроном.

John Deere компаниясымен серіктестік кәсіби алмасудың тұрақты жүйесін қалыптастырып, ұлттық инженерлік мектепті күшейтеді. Бұл өз кезегінде инженерлік кадрлардың ұлттық резервін қалыптастырып, қазақстандық инженерлердің құзыреттерін халықаралық деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Өнеркәсіптік серіктестік: AGROMASH, «Гомсельмаш» және «Амкодор» ынтымақтастығын кеңейтеді

Биыл қазақстандық аграрийлер 27 млн тонна астық жинады. 2025 жылғы егіс маусымы аяқталып келе жатқанда, машина жасаушылар келесі маусымға дайындықты бастап кетті. Беларусьтен «Гомсельмаш» және «Амкодор» АҚ бас директорлары бастаған делегация жұмыс сапарымен Қазақстанға келді. Кездесуде комбайн көлік комплектілерінің жеткізілімін ұлғайту, жергілікті өндірісті тереңдету және жаңа өндірістік бағыттарды дамыту мәселелері талқыланды.

  «Гомсельмаш» АҚ-пен ынтымақтастық басталғалы қазақстандық зауыт 5 000-нан астам ESSIL комбайнын шығарды. Бұл техника еліміздің барлық астық өсіретін өңірлерінде сәтті жұмыс істеуде, ал әр оныншы шаруашылық осы брендтің комбайндарын қолданады — бұл фермерлердің жоғары сенімі мен локализация моделінің тиімділігін дәлелдейді.

«Биыл біз ESSIL комбайндары үшін кабиналарды өндіруді жолға қойдық — көлік комплектілері енді онсыз жеткізіледі. Сонымен қатар локализацияланған тораптарға подмоторлық рама, бункер, сабан шаққыш, интерьер және экстерьер элементтері кіреді. Жаңалықтар қатарында — күнбағысқа арналған және аласа бойлы дақылдарға (соя, жасымық, дәнді дақылдар) арналған жатқыштар бар. Фермерлер оларды сынап, жоғары баға берді. Бұл — импорттық аналогтардың сапалы, бірақ қолжетімді баламасы», — дейді өндіріс директоры Бахтияр Балғужин.

  Келіссөздердің негізгі нәтижесі — 2026 жылы 500 дана комбайн машинокомплектісін жеткізу туралы келісімшартқа қол қою. Бұл өнеркәсіптік серіктестіктің ұзақ мерзімді жоспарын нығайтады.

  Сондай-ақ тараптар «Амкодор» АҚ-пен бірлесіп телескопиялық тиегіштерді өндіру мүмкіндігін қарастырды. Бұл Қазақстандағы машина жасау саласын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.с ОАО «Амкодор», открывающую новые возможности для развития машиностроения в Казахстане.

Вашингтонда Қазақстан мен John Deere арасында құны $2,5 млрд болатын стратегиялық келісімге қол қойылды

Вашингтонда Қазақстан мен John Deere арасында құны $2,5 млрд болатын стратегиялық келісімге қол қойылды 

   Қазақстан Республикасы Президентінің АҚШ-қа ресми сапары барысында ауыл шаруашыляығы машинасын жасау саласында өнеркәсіптік серіктестікті құру және дамыту жөніндегі Стратегиялық келісімге қол қойылды.

    Құжатқа Қазақстан тарапынан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «АгромашХолдинг KZ» АҚ және Eurasia Group AG, ал АҚШ тарапынан John Deere Walldorf International GmbH қол қойды.

   Келісім John Deere ауыл шаруашылығы техникасын Қазақстанда өндіру ауқымын кеңейтуді, сервистік инфрақұрылымды және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету жүйесін дамытуды, сондай-ақ цифрлық технологияларды енгізуді көздейді. Сонымен бірге саланың инженерлік және техникалық кадрларын даярлау қарастырылған. Алдағы бес жылдағы өнеркәсіптік серіктестіктің жалпы көлемі $2,5 млрд болады.

 Министр Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, жаңа келісім отандық ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласының өндірістік және технологиялық әлеуетін едәуір күшейтеді. «Қазақстан бұл жобаны іске асыруды мемлекеттік өнеркәсіптік саясат аясында толық қолдауға дайын», — деді ол.

    John Deere мен «АгромашХолдинг KZ» арасындағы өнеркәсіптік серіктестік биыл мамырда басталған. Бүгінде жалпы құны 37,6 млрд теңгені құрайтын 292 бірлік техника өндірілді. Стратегиялық келісім өндіріс көлемін арттыруға және негізгі компоненттерді кезең-кезеңімен жергілікті деңгейде өндіруге мүмкіндік береді.

«John Deere-мен серіктестікті кеңейту — Қазақстанда заманауи ауыл шаруашылығы техникасына арналған толыққанды өндірістік және сервистік экожүйе қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Бұл тек техника шығару емес, инженерлік-технологиялық кластерді қалыптастыру, салалық құзыреттерді дамыту, сервистің сапасын арттыру және техниканы пайдалану мәдениетін көтеру. Мұның барлығы фермерлік шаруашылықтардың тиімділігіне тікелей әсер етеді және аграрлық секторды дамытатын жаңа буын инженерлерін дайындауға мүмкіндік береді», — деді «АгромашХолдинг KZ» АҚ Президенті Динара Шүкіжанова.

Ақтөбе облысы орман шаруашылықтарының автомобильдер паркі 24 LOVOL тракторымен толықты

Техниканы жаңарту деңгейі 56%-ды құрады. Облыс әкімі Ералы Тұғжанов орман шаруашылығы қызметкерлеріне жаңа арнайы техниканың кілттерін табыстады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бес жыл ішінде елдің мемлекеттік орман қоры аумақтарына 2 млрд ағаш отырғызуды тапсырды. Ақтөбе облысының мемлекеттік орман қорында 60,2 миллион ағаш отырғызу жоспарланған. Аталған жұмыс аясында өткен жылы 11 млн, ал биылғы жылы шамамен 15 млн көшет егілмек. Бізге тек ағаш отырғызу емес, сонымен қатар жасыл желектерді сақтау міндеті қойылған. Осы орайда жасыл желектерді отырғызу мен күтіп-ұстау, сондай-ақ өрттен қорғау үшін материалдық-техникалық базаны нығайтуға нақты шаралар қабылдануда», — деді облыс әкімі.

  Жаңа тракторлар Ақтөбе, Шалқар, Мәртөк, Темір, Қобда, Ұйыс, Айтекебий аудандарының орман шаруашылығына, сондай-ақ биыл Моғалжар ауданында құрылған Орқаш орман және жануарларды қорғау мекемесіне жеткізіледі.

Қостанай трактор зауытынан арнайы ұсыныс

Биылғы маусымда Қостанай трактор зауытынан барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған арнайы ұсыныс:

• Лизингтік компанияларға аванс
• 10% жеңілдік
• 30/70 төлемді кейінге шегеру

КИРОВЕЦ тракторын ең қолайлы шарттармен сатып алыңыз!

Барлық сұрақтар бойынша call-center жұмыс істейді: +7 701 887 3608 немесе 5310
*Техника саны шектеулі. Асығыңыз!

Локализационный центр на базе Костанайского завода АО «АгромашХолдинг KZ» предоставляет в аренду площади для размещения производства, хранения и тестирования.

Наши производственные площади оборудованы всем необходимым для комфортной и эффективной работы вашего бизнеса.

Среди преимуществ аренды площади на территории Костанайского завода выделяются:

Мы поможем создать идеальные условия для вашего производства, и постоянно работаем над улучшением предоставляемых услуг. Все наши партнеры, арендующие производственные площади, получают полный спектр услуг и возможностей для развития своего дела.

Если у вас есть какие-либо вопросы или вы хотите узнать больше о возможностях аренды, пожалуйста, свяжитесь с нашим отделом по работе с клиентами по короткому номеру 5310.

Мы всегда рады помочь вам и предложить наилучшие условия сотрудничества.

LOVOL ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП САТЫЛАТЫН ТРАКТОРЛАРДЫҢ БІРІ: «АГРОМАШХОЛДИНГ KZ» 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

 Құю учаскесі мен кабиналарды дәнекерлеу іске қосылып, екі мыңнан астам жаңа түйіндер мен бөлшектерді игерілді: нәтижесі — 2022 жылы қазақстандық нарыққа мыңнан астам отандық тракторлар мен комбайндар шықты.

2022 САНДАРМЕН

Өткен жылды қорытындылай келе, өндірістің 20% — ға өсуі байқалады.

«Егер 2021 жылы кәсіпорын 936 бірлік өздігінен жүретін техника шығарса, өткен жылы бұл белгі 1064 бірлікке дейін өзгерді, бұл ретте 719 бірлік көлемінде тракторлар шығарылымының айтарлықтай өсуі байқалады, осы маусымда LOVOL бренді Қазақстандағы ең көп сатылатын тракторлардың біріне айналды», — деді коммерциялық директор Николай Пархоменко.

ӨНДІРІС: ЖАҢА ЖАБДЫҚТАР МЕН ҚҰЮ ЦЕХЫ УЧАСКЕЛЕРІ ЖӘНЕ КАБИНАЛАР МЕН ОРАҚТАРДЫ ДӘНЕКЕРЛЕУ

«АгромашХолдинг KZ» зауытының базасында биыл жаңа өндірістік учаске – LOVOL тракторларының кабиналарын дәнекерлеу желісі пайда болды.

«Өткен қыста біз кабиналар шығару жобасын әзірлеп, жүзеге асырдық. Процесс оңай емес, бірақ қызметкерлердің қажетті құзыреттері жеткілікті, қосымша біздің шетелдік серіктестерімізден үйрендік. Бүгінде дәнекерлеу учаскесі белсенді жұмыс істеп тұр – оның өнімділігі ауысымына 10 кабинаны құрайды», — дейді өндіріс жөніндегі вице-президент Петр Максаков.

Локализациялық орталықты іске қосу аясында 4 млрд теңге сомасына 55 бірлік заманауи жабдық сатып алынып, орнатылды.

Осы жазда мұнда соңғы үлгідегі станоктардың бірі – лазерлік құбыр кескіш пен тоғыз метрлік ораққа арналған дәнекерлеу өткізгіші орнатылды. Сонымен қатар, құю цехын қайта құру аяқталды, мұнда ауылшаруашылық техникасының бөлшектерін құю жұмыстары жанданды. Локализацияны тереңдету аясында сепкіштерге, тракторларға және комбайндарға арналған барлық қажетті компоненттер зауыт ішінде құйылатын болды.

«Өнімділігі жоғары станоктары мен автоматтандырылған желілері бар әмбебап цехтар ауыл шаруашылығы техникасын ірі қосалқы жинақтан және тіпті шағын қосалқы құрастырудан шығып, компоненттерді толыққанды өндіруге және жергілікті қамту үлесін едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Біз осы жылы құрылған барлық өндірістік бағдарламаны орындадық. 2022 жылы біз қосымша екі мыңға жуық жаңа түйіндер мен бөлшектерді игеріп, тоғыз метрлік орақтар мен олардың астындағы арбаларды, тырмаларды, трактор кабиналарын, алдыңғы тиегіштерді, көлбеу камераны және т.б. өндіруді бастадық», — деп бөлісті Максаков.

Заманауи жабдықтары бар Локализация орталығының іске қосылуы, қазақстандық мамандардың қазіргі құзыреттері отандық машина жасаушыларға «Санкт-Петербург трактор зауыты», «Гомсельмаш» ААҚ, «Shandong Weichai Lovol International Trading Co., Ltd», «SDF Group» сияқты  әлемдік компаниялармен табысты кооперациялауға мүмкіндік берді.

ЖАҢА ТОПТАМА 2023 — LOVOL КОМБАЙНДАРЫ БОЛАДЫ

«Жаңа жылда біз өз қатарымызға 80, 110, 150 және 260 а.к. бар LOVOL тракторларын енгіземіз. Мұндай қажеттілік егіс алқаптарының басым бөлігін майлы дақылдар алып жатқан Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанның аграршылары тарапынан бар. Келесі маусымның жаңалығы LOVOL брендінің комбайны болады. Комбайндар Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан өңірлерінде сынақтан өтеді», — деді коммерциялық директор Николай Пархоменко.

DEUTZ-FAHR: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕМІС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Сонымен қатар, қазақстандық фермерлер тарапынан осы маусымның жаңа топтамасы DEUTZ-FAHR тракторлары мен комбайндары ерекше қызығушылық тудырды. 2021 жылдан бастап «SDF Group» және «АгромашХолдинг KZ» Қазақстан аумағында «DEUTZ-FAHR» сауда маркалы ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп өндіруді бастады. 2022 жылғы өндірістік жоспар шамамен 100 бірлік тракторлар мен комбайндарды құрады, барлық көлем іске асырылды. Келесі маусымға арналған көлемдер бірнеше есе артады. Сондай-ақ, зауыт ESSIL брендінің айналмалы комбайндарын шығаруды ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Напишите нам

Ваше имя *
Телефон *
Сообщение *